LOADING...

«Табағанда» демалысқа аса талғампаздықпен қарайтын адамның өзі жанына жақын іс табады. Қалауыңызға қарай сізге спорттық-ойын-сауық іс-шаралары, корпоративті мейрамдар, тим-билдингтер ұйымдастырылады. Отбасыңыз үшін туристік сапарлар, жаяу және атпен серуендеу, сондай-ақ экстремалдар үшін де сан алуан демалыс түрлері болуы мүмкін.

Жазда «шөпті» төбешікте сырғанау

Төбешіктен сырғалаумен ешкімді де таң қалдырмайсыз. Дегенмен, «шөпті» төбешіктен сырғанаумен таң қалдыруға болады екен. «Тобогган» атты атракцион – таудан арнайы науа бойына салынған рельспен шана арқылы түсу. Әсіресе бұл әр түрлі жастағы балалар арасында өте танымал. Теңдесі жоқ мұндай төбешікті біздің еліміздің еш жерінде екінші рет кездестірмейсіз. Аттракцион қауіпсіз, оны Оңтүстік Кореядан келген мамандар құрастырған. Адреналин, жағымды эмоциялар заряды, мол әсерлер мен балаларыңыздың қауіпсіздігіне біз кепілдік береміз. Шаналарды жалдау пунктінен алуға болады. Айтпақшы, төбешікте ересектер де сырғанайды. Сырғанап көріңіз, экстремал рухын сезініңіз, балалық шаққа қайта оралыңыз!

Атпен серуендеу

Сіз философсыз ба? Табиғатпен бетпе-бет қалғыңыз келе ме? Онда сіз айналаны атпен серуендеп көріңіз. Шағын саяхатқа нұсқаушының басшылығымен шыға аласыз. Айналаңыз әсем көрініске толы, көңіл-күйіңіз тамаша, ал алған қуатыңыз бүкіл жол бойына жетеді.

Тау шаңғысымен сырғанау

«Табағанның» таушаңғы трассалары енді бастап келе жатқан және кәсіпқой спортшылар үшін жасалған. Трассалардың жалпы ұзақтығы 37 000 метр (37 км.). Егер сіз бұрын-соңды шаңғымен сырғанамасаңыз, онда үйренетін уақыт келді.Таушаңғы нұсқаушысы керек-жарағыңыздың түгел болуына және шаңғымен дұрыс сырғанауыңызға көмектеседі. Жалдау пунктінде шаңғы бәріне де жетеді. Бұдан басқа, таудан шаңғымен сырғанаудың кәсіпқойларына, корифейлеріне арналған трассалар да бар.

«Табаған» курортының климаты тау шаңғысымен демалу үшін қолайлы – қысы жұмсақ, қар жиі түседі. Шаңғымен сырғанау маусымы желтоқсанның ортасынан басталып сәуірдің ортасына дейін жалғасады. Жасанды қар жасау жүйесі таушаңғы маусымын кемінде 2 айға созып, болған трассалардың жай-күйін жақсартады.

Екі орындық және екі бугельді аспалы жолдар бар. Айтпақшы, аспалы жолмен жылжыған кезде айналаның және Іле Алатауының ғажайып көріністеріне куә боласыз. Мұндай керемет сәттерді жіберіп алмаңыз!

Сноубордпен сырғанау

Сіз сноубордпен экстремалды сырғанауды ұнатасыз ба? Онда сіз осында келіңіз. Мұндағы трассалар сноубордистердің жарысып, техникаларын жақсартып, жәй рахаттану үшін жасалған. Алматы қаласының сноуборд пен экстремалды спорт түрлері Федерациясының Кубогы бұл жерде бекерден-бекер ойнатылмады ғой. Сондай-ақ мұнда жалдау бөлімі жұмыс істейді, онда күрделілігі және құрылымы әр түрлі 30 сноуборд бар.

Қарда жүргішпен сырғанау

Егер сіз шаңғы мен сноубордтан жалықсаңыз, онда қарда жүргішпен сырғанап көріңіз. Ол тәжірибелі экстремалдар үшін де, енді бастап келе жатқандар үшін де есептелген. Сізге бағытын сілтейді, ал кәсібқой нұсқаушы қарда жүргішті басқарудың оңай тәсілдерін көрсетеді. Сондай-ақ мұндай балаларға арналған қарда жүргіштер де бар.

Түнгі сырғанау

«Табағаннан» қызықты әр жерден табасыз. Мұнда жыл бойы ғана емес, тәулік бойы демалуға болады. Баурайдағы кешкі музыкалық және шам-шырақты шоу, шаңғымен түнде сырғанау «Табағандағы» қайталанбас мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Лазерлі шоудың жарық берері соншалық, тіпті түнде де ешбір қиындықсыз сырғанауға болады. Алар әсер қандай десеңізші! Алуан түрлі түске боялған таудан шаңғымен төмен қарай құлдырағаныңызды елестетіңізші. Сол мезетте адамдардың айқайынан аспан жарқ-жұрқ етіп, ерекше сезімге бөленесіз!

Квадроциклдармен сырғанау

Жылдың жылы мезгілінде квадроциклді айдауыңызға болады. Сүйіктілеріңізбен, достарыңызбен немесе әріптестеріңбен бірге айналаңызға экстремалды шағын саяхатқа батыл шығыңыз. Егер сіз мұндай машинаны ешқашан жүргізіп көрмесеңіз, онда біздің тәжірибелі нұсқаушымыз не істеу керектігін айтып береді. Айтпақшы, «Табағаннан» 4 км-дей жерде Бутаковка деген экстремалдарға арналған «Шыбынсай» кешені бар. Оған дейін де квадроциклмен оңай жетуге болады. Жоқ, сіз қателескен жоқсыз, «Табағаннан» Бутаковкаға дейін қол созым жер, екі асудан ассаңыз болғаны. Таулы жерде квадоциклмен жүру неткен ғанибет десеңізші! Жүз рет естігенше, бір рет жүріп өткен артық.

Тау велосипедімен қыдыру

Өз өміріңізді велобайксыз елестете алмайтын экстремалсыз ба, әлде велосипедпен қыдыруды ұнататын отағасысыз ба? «Табағанда» болған кезіңізде ондағы соқпақтармен қос дөңгелекті досыңызбен қыдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Парапланмен ұшу

Көпшілігіміз балалық шағымызда ұшу туралы армандайтынбыз. Бұл арманыңызға «Табағанда» парапланмен ұшып қол жеткізуге болады. Жері ғажайып, баурайы жазық, ұшуға бар жағдай жасалған. Мұндағы нұсқаушы парапланмен ұшудың қыр-сырын үйретеді. Сонымен қатар қажетті барлық керек-жарақты да осы жерден алуға болады.

Ашық аспан астындағы пикниктер

Жылы кездері әр түрлі пикниктер үшін «Табағанның» айналасы – таптырмайтын орын. Мейрамханаларымызда шақырған жерлеріңізде пикник өткізуді ұйымдастырып, қалауыңызға қарай ас мәзірі жасалады. Сондай-ақ таза ауада ойнау үшін бадминтоныңызды, балалар добын да бірге алуыңызға болады.

Пейнтбол

Қазіргі заманғы ер адамның көңіл көтеретін ойынының бірі – пейнтбол. Алайда бұл ойында білектілерге олардың нәзік жандары да серік бола алады. «Табағанда» мұндай байыппен ойнайтын ойындар үшін арнайы полигон жабдықталған. Үш түрлі камуфляж түрі бар: «құмға арналған», «орманға арналған» және «натолық». Қарудың да бірнеше түрі қарастырылған: Калашников автоматы, М16 және басқалары. Сонымен бірге бронежилеттерді де алуға болады. Жалпы, аяқ киімнен басқасын осы жерден алып, сақадай сай киінесіз. Мұнда командаңызбен келіп, топ-топқа бөлініп, атысуыңызға да болады. Сонымен қатар полигоннан тысқары кетіп, «соғысып» ойнауыңызға да болады. Ойын қарсыластарыңызды қаншалықты жеңіп, әскери тұтандырғышыңызды тауысуыңызға қарай бір сағаттан үш сағатқа дейін және одан әрі жалғасуы мүмкін.

Страйкбол

Бұл ойын пейнтболға ұқсайды, айырмашылығы бояу құйылған оқтың орнына пластикалық оқтар қолданылады. Ойын бір қарағанда қауіпті көрінгенімен, арнайы берілетін керек-жарақ пен шлем денеңіздің көгеріп, жарақаттануынан сақтайды.

Мини-футбол

Пейнтбол және страйкбол ойындарына арналған полигоннан қашық емес жерде шағын футбол ойыны үшін 2 алаңы бар стадион салынған. Көлемі – стандартты европалық 20х40 м, беті жасанды жолмен жабылған. Футболға ынтызарлар алаңды әділ бағалап, жасалған жағдайға да, ойынға да дән риза болары сөзсіз.

Тим-билдинг: корпоративті шаралар өткізу

Копоративті демалысыңызды қалай өткізеріңізді білмей жүрсіз бе? Ұжымыңыз Алматының бар белгілі жерінде болып болды ма? Ендеше «Табағанға» келіңіз! Сіздің демалуыңыз үшін таңертең Алматыдан әкеліп, кешкісін кері жеткізетін автобус ұйымдастырамыз. Қалауыңызға қарай компанияңыздың демалу жоспарын жасап, әрбір қызметкеріңіздің спорттық-ойын-сауық шараға қатысуын қамтамасыз етуге болады. Бұл жерде кез келген адам таза ауадағы ойын, бейресми кездесулер және экстремалды спорт түрлері арқылы өзін команданың бір мүшесі ретінде сезінеді. «Табаған» – осында болған әрбір адамның көңілін көтеретін аумақ. Қызметкерлеріңіз бұл жерден алған әсерлерін ұзақ айтып жүретін болады.

Тренингтер, конференциялар өткізу

«Табағанда» жағымды іспен пайдалы істі қатар жүргізуге болады. Арнайы жабдықталған залда конференциялар, тренингтер мен форумдар өткізуге қажеттінің бәрі бар, сондай-ақ мұнда Интернетке де шығуға болады. Басқаша бір мәжіліс залы ретінде «Табаландия» мейрамханасының екінші қабатын пайдалануға болады. Көркемделген шағын зал қайталанбас жұмыс орнын еске салады.

Жоспарлар, перспективалар

Алматылықтардың да, шетелдік туристердің де демалып, сауық-сайран құруы үшін «Табаған» кешенінің ең жақсы көретін орын болуына үлкен перспективалар да, мүмкіндіктер де бар. Алда кешеннің аумағын кеңейтіп, аспалы жолды ұзарту, теннис кортын және басқаларды салу жоспарлары бар.