LOADING...

«Табағанда» тек белсенді демалыс үшін ғана емес, жан рахаты үшін де бар жағдай жасалған. Мұнда денсаулығыңызды жақсартып, спорттық қалпыңызды орнына келтіре аласыз. Сауналар, моншалар, массаж кабинеттері, фитнес-клуб, спорт залы – бәрі де рахаттанып демалуыңыз үшін.

Акваландия

«Акваландия» су-сауықтыру кешені балалар мен ересектерге арналған. Мұнда ең жақсы бассейндер, тренажер залы, джакузи, массаж кабинеттері, сауналар, солярий және монша бар.

Бассейн

Бассейн тәуліктің кез келген уақытында күн сәулесі барынша түсетіндей етіп орналасқан. Осылайша, мұнда сіз денеңізді қыздырып, теріңізді күрең түске түрлендіре аласыз. Бассейндегі су үнемі тазартылып тұрады, барлығы да СЭС стандарттары мен талаптарына жауап береді. Сондай-ақ мұнда джакузи мен балалар бассейні де бар. Мұнда бір рет келсеңіз болғаны, қайтадан оралғыңыз кеп тұрады. Ең қызығы, шешінетін бөлмеде келушілерді есепке алудың электронды жүйесі енгізілген. Қонақтарға арнайы электронды білезіктер беріледі, солардың көмегімен шкафыңызды аша аласыз. «Акваландияда» болған кезіңізде оның саунасына да баға беріңіз. Мұнда ол ер адамдарға және әйел адамдарға арналған.

Фитнес-клуб

Финтес-клубта ырғақты музыканың көмегімен қалпыңызға келіп, тонусыңызды көтере аласыз. Сіздің назарыңызға жақсы жабдықталған зал, кәсіпқой жаттықтырушының көмегі ұсынылады.

Тренажер залы

«Акваландияда» болған кезіңізде екінші қабатқа көтеріліңіз, мұнда сіз тамаша жабдықталған тренажер залын табасыз. Бұл жердің кәсіпқой нұсқаушысы өзіңізге арнайы бағдарлама таңдап, қажетті жаттықтырулар жасауға нұсқаулық береді. Залда климат-бақылаушы орналасқан. Мұнда кез келген құрылымды тренажерларды кездестіре аласыз, қысқа мерзімде сіз қалпыңызға келіп, денеңіздегі артық айлақтардан құтыласыз, жалпы физикалық ахуалыңыз жақсарады.

VIP Сауна

Ағаштан жасалған екі қабатты VIP сауна кез келген саунашылды таң қалдырады. Сыртынан қарағанда қарапайым ғана көрінетін бұл үйдің іші үлкен бір кешенді құрайды. Саунада өткізген уақытыңыздан жаныңызға рахат табарыңыз сөзсіз.

Моншалар

«Табағанда» ыстық будың бағасын білетін адамдарға арналған монша бар. Отынмен жанатын нағыз орыс моншасындағы буға оранып, одан соң салқын сусын немесе лимон қосылған ыстық шай ішуіңізге болады.

Бильярд

«Шетен» қонақүйінің бірінші қабаттының төменгі жағында бильярд залы бар. Орыс бильярдының ойын құмарлары ойыннан ләззат алып, үстелдің барқыт жабындысы мен тамаша киилерді бағалай алады.