LOADING...

Қаланың әбігерлігінен алысырақ, еңселі таулардың қоршауында «Табаған» тау шаңғысына арналған курорт, спорт-ойын-сауық кешені орналасқан. Бұл – Қазақстанда теңдесі жоқ керемет жер.

«Табаған» Алматы облысының Талғар ауданының аумағында, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының маңайында орналасқан. Алматы қаласының шекарасынан қашықтығы – 17 км. Аумағы – 55 гектар. Баурайдың ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 1650 м. биіктікте орналасқан.

«Табаған» кешені екі террассаға бөлінген: жоғарғы және төменгі, оларды кең асфальт жолы қосады. Қонақтардың ыңғайлылығы үшін террассалар арасында екі баспалдақ сап түзеген. «Табағанда» қызметтер ең жоғары деңгейде көрсетіледі және олардың түрлері де көп. Кешен аумағында базарлық сатылатын дүкендер бар, олардан сіз естелік ретінде кішкентай «Табағанды» сатып ала аласыз. Бұл сарғыш түсті мақұлұқ, осы жерлердің сақтаушысы әрі курорттың көзге көрінбейтін қожайыны.