«Табаған» тау шаңғысына арналған курорт, спорт-ойын-сауық кешені 2005 жылы Бесқайнар поселкесіне жақын (бұрынғы Горный Садовод) Шыбынсай (Іле Алатауы) шатқалында салынған. Осындай ірі көлемді жобаның іске асырылуы қазақстандық туризм рыногының, сондай-ақ қыстық спорт түрлерінің тарихында жаңа кезең болды.
«Табаған» кешені осындай дәрежелі тау шаңғыларына арналған курорттарға қойылатын қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес салынды. Кешен Австриядан, Голландиядан және Ресейден әкелінген техникамен жабдықталған. Аспалы жолды құрастыруды және карточкалық кіру жүйесін енгізуді ресей мамандары жүзеге асырды, қалған жұмыстарды жергілікті компаниялар жасады.
Кешеннің арқасында ауданның инфрақұрылымы мен экономикалық ахуалы елеулі жақсарып, отандық туризм индустриясын дамыту талаптарына да жауап берді. «Табағанда» жақын жатқан Бесқайнар поселкесінің жүздеген тұрғындары еңбек етуде. Оның ресми тұсаукесері 2006 жылғы қаңтардың аяғында болды. Екі күннен кейін осы жерде Алматы қаласының сноуборд пен экстремалды спорт түрлері Федерациясының (СЭСТФ) Кубогы алғаш рет ойнатылды. 2006 жылғы сәуір айында осы жерде ірі отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Дәриға Назарбаеваның басшылығымен Еуразиялық Медиа-форум өтті.