LOADING...

«Табаған» баурайы – сырғанау мен жарыс өткізу үшін таптырмай жер. Бұл жер енді бастап келе жатқан және жатыққан тау шаңғышыларына, сондай-ақ сноубордистерге арналған.

Баурайдың әр алуан бедері жаңадан бастап келе жатқандар үшін де, кәсіпқойлар үшін де өте қызықты. Шаңғы трассасының ұзындығы – 37 км. Бұл трассалардың күрделілігі әрқилы. Оларды былайша бөлуге болады:

– Көк трассалар – 9 км.

– Қызыл трассалар – 7 км.

– Қара трассалар – 6 км.

– Тегіс жермен сырғанайтын шаңғыларға арналған трассалар – 15 км.

Біздің баурайымызда игерілмеген трассалар да бар. Мұндай баурайда сырғанау үлкен шеберлікті қажет етеді. Бұл жердің ең жақсы деген трассалары асқан шеберлерге арналғанн. Игерілмеген жерлермен шаңғышылар да, сноубордистер де бірдей ынтызарлықпен сырғанайды.

Балаларыңызбен таза ауада демалғыңыз келе ме? Назарыңызды шана трассасына аударыңыз. Бұл жерде қар басқан таулардан сырғанау қауіпсіз әрі ыңғайлы.

Сондай-ақ бізде қар зеңбіректері, дайындалған баурайлар бар.

Сонымен қатар, баурайда көтергіштер де бар: біреуі екі орындық аспалы жол да, екіншісі бугельді аспалы жол.

Күн сайын баурайда лазерлік шоу ұйымдастырылады, қуатты шам және дыбыс аппаратурасымен жабдықталған. Түңгі сырғанаудан тіл жетпестей рахаттаныңыз. Баурайда билеп те көріңіз, өйткені мұнда дискотека бар. Сіз өзіңіздің, балаларыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін қам жемеңіз, өйткені «Табағанның» тәжірибелі нұсқаушылары мен құтқарушылары әрқашан да дайын, ә дегеннен көмекке келеді.