тип номера
кол-во взрослых/детей
/
сроки прибывания
/
 
 

 
Наши клиенты
Наши награды
Реклама
 

Подписка на новости
 отменить

Схема проезда


Коттедждер ауылы

Осы таңқаларлық жерге келе салысымен, сіз балалық шаққа қайта оралғандай боласыз. Шағын коттедждер ауылдарының атауларына назар салыңызшы: ақ қайың, шырша, мәуе, үйеңкі, қарағайлы... Ауада алма мен балдың, қарағайдың, орманның, салқын леп пен көктемнің жұпар иісі аңқып тұр. Еріксіз Есениннің жолдары еске түседі. Бұл жерге бір-ақ рет келсеңіз болғаны, тағы да келгіңіз келіп тұрады. Коттедждер түрлі сортты табиғи ағаштардан салынған, оның адам ағзасына пайдалы әсері бар. Айтпақшы, ауылдың атауына қарай коттедждерді жағалай ағаштар отырғызылған. Мысалы, «Қарағайлы» ауылының маңында тек қарағайлар ғана бой көтерген. Коттедждердің барлық нөмірлері әжетханамен, душпен, Алматы қаласына шығатын телефонмен, спутник байланысымен жабдықталған. Нөмірлерде орталық жылу, ыстық және суық су, арнайы климат-бақылаушы бар. «Табағанда» тұрудың бір ерекшелігі сол мұнда басқа қонақүйлердегідей арнайы есеп айырысу сағаты жоқ. Қалауыңызға қарай балалар үшін де, ересектер үшін де қосымша орындарды ұйымдастыруға болады. Барлық коттедждерде Room Service – нөмірлерге көрсетілетін қызмет бар. Сондай-ақ тұру құнына таңғы ыстық ас құны да қосылған.

камера online
Карта